55 жылдық тарихы бар Қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын “Қазақконцерт” ұжымы Сырым ауданына келіп, концерт қойды. “Қазақконцерт” ұжымы 1960 жылы Жамбыл атындағы филармонияның эстрада секторы негізінде, қазақ халқының музыка мәдениеті мен мұрасын насихаттау мақсатында құрылған. «Қазақконцертті» басқарып отырған Алтынбек Қоразбаев пен «Меломен» тобының жігіттері және Марал Мухаметкалиева  «Сәлем саған, Ақжайық»  атты Сырым жұршылығына әдемі кеш сыйлады. Кеш қонақтарына Сырым ауданы әкімі орынбасары алғысын айтып, сансыз дарынды өнерпаздарды қанаттандырған Алтынбек Қоразбаевқа шапан жауып, естелік сыйлық табыстады.