Кеше Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Сырымдықтар рамазан айын жыл сайынғы дəстүр бойынша аудандық мешіт ауласынан киіз үй тігумен бастады. Ораза айттын алғашқы күні мешіт ауласындағы киіз үйде Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы барша жамағатқа ауызашар ұйымдастырды.