Бүгін Алғабас ауылдық округінің орталығындағы М. Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты 2016 - 2017 оқу жылының қорытынды салтанатты шарасы өтті.
Шараға "Нұр Отан" партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары, Сырым ауданының құрметті азаматы Серік Сүлеймен, Сырым ауданының әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысты. Биыл осы оқу жылын мектеп бойынша 237 оқушы аяқтады. Олардың 21 - і мектеп түлегі.