19 мамыр күні мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, гір тасын көтеру, қол күресі, волейбол, шахмат, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен аудандық іріктеу кезеңі өтті. Жарысты өткізудегі басты мақсат облыстық спартакиадаға қатысатын ауданның құрама командасын іріктеу, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.