Бүгін облыстық білім басқармасының жетекшілігімен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» - облыстық танымдық экскурсиясы Сырым ауданына келді. Облыс орталығы және барлық аудандардан келген колледж студенттерін алдымен Сырым Датұлы кесенесінен Сырым колледжінің директоры С. Берсебаев пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев қарсылады. Сырым Датұлы кесенесінің тарихымен танысқан студенттер бағдарлама аясында аудан орталығындағы мұражайлармен саябақтарды аралады. Экскурсия құрамында 250 ге жуық студент болды.