Өткен апта ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиев Талдыбұлақ ауылдық округіндегі «Тінәлі» ЖШС-ы және «Шырдай» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ажғалиев Хали басқарып отырған «Тінәлі» ЖШС-ы өткен жылы күзде 2014 гектар күздік бидай еккен. Ал «Көктөбе» ЖШС-ның жанынан құрылған «Шырдай» шаруа қожалығы 1400 га жаздық бидай және 422 га бір жылдық шөп (судан шөбі) егіп бастады.