«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Қарасу мөлтек ауданында 1 мамыр балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. 
Жыл бойы бар ықыласы сабақта болған балдырғандардың асыр салып, бой жазар кезі келді. Сондықтан Қарасу мөлтек ауданындағы спорттық ойын алаңындағы табиғат аясында жиналған балалар ерекше көңілді. 
Мерекеге орай балалар арасында қазақтың ұлттық ойындары, қазақша күрес, арқан тартыс, асық атудан және түрлі ойындардан жарыс оздырылды. 
«Берсең балаға бер» деген қазақта. Жасаған жақсылығың екі есе болып қайтатын ұғым бұл. Ия, осы қасиетті сөзді қадір тұтып, жас болса да өзгелерге үлгі боларлықтай Қарасу мөлтек ауданының депутаты Серік Тоқмамбетовтың бастамасымен ұйымдастырылған шараға жиылған халық көп болды. 
Бұл күні мөлтек аудан жігіттерінің және келіндерінің, жеке кәсіпкерлер «Қабашева» мен «Бисенғалиевтың» демеушілігімен балаларға арналып тәтті дастарқан жайылды. Облыстық «Нұр Отан» партиясы, Жымпиты ауылдық округі әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалы, жеке кәсіпкерлер «Сұлтангереев», «Нұрмановалар» балалар мейрамының қызықты өтуіне өзіндік үлестерін қосып, ұйымдастырылған жарыстарға арнап арнайы жүлделер тікті. Осы аудан тұрғындары, мәдениет саласының қызметкерлері Бекей Қанатов және Өлеңтілік Нұрбек Төлепов пен «Сырым колледжінің» әншісі Азат Есқалиевтар шараны әсем әнмен көркемдеді.