Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында электронды портал арқылы көрсетілтен мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға байланысты дөнгелек үстел өтті. Сол отырыста округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін «Жеке қосалқы шаруашылығы болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті электронды портал арқылы көрсетуге округ әкімдеріне тапсырма берілді. Сонымен қатар, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің пайдалану үлесін арттыру бағытында ауылдық округ әкімі аппараттарында ауыл тұрғындарына консультация беру және «Электрондық үкіметтің» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша пилоттық жобаны енгізу тәжірибесіне орай портал арқылы алынатын мемлекеттік қызметтерді аудан тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.