Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сырым ауданы прокуратурасымен Жымпиты ауылында Қ.Мырзалиев, Ж.Досмухамедов атындағы орта білім беретін мектептерінде және Сырым колледжінде бақылауда (девианттық мінез-құлыққа бейім) тұрған оқушылармен кездесу өткізілді. 
Кездесуде оқушыларға прокуратура органдарымен жүзеге асырылып жатырған «Өзіңнен баста», «Қауіпсіз мектеп» жобалары түсіндіріліп, қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидаттары насихатталды. 
Жасөспірімдерге аудан прокуратурасы тарапынан сыйлықтар таратылып, шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.