Ағымдағы жылдың 12-мамырында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмысының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты аудандық жұмыспен қамту орталығында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске жұмыспен қамту орталығының жауапты мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы «ӘТВЕО» департаменті Сырым аудандық бөлімшесінің қызметкері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қатысты.
Сол отырыста орталық арқылы іске асырылатын «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды  тіркеу», «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» және «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметтері талқыланып, стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүргізілуі тапсырылды.

Аудандық жұмыспен қамту
орталығының маманы Жукей М.