Биыл Сырым ауданы Алашорда үкіметінің құрылғанының 100 жылдығы мен осы үкіметтің көрнекті қайраткері, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толуын атап өтеді. Кеше Сырым аудандық мәдениет үйінің сахнасында Жымпиты және Бұлан халық театрының әртістері «Жанша» қойылымын қойды. Қойылымның сценарийі – өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың «Жанша» атты кітабындағы деректердің негізінде жазылған. Қойылымның қоюшы режиссері – Дамира Әбдірахманова.
Қойылым Алашорда үкіметінің мүшесі әрі көрнекті қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың қайраткерлік жолы туралы баяндайды. Көрермен сахнадан Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Бақытжан Қаратаев, Қуанай Хазірет сияқты қазақ зиялыларының бейнелерін көре алады. Осы тұлғалардың өзара диалогы арқылы қойылымның негізгі идеясы айтылады. 
Бір айта кетерлік дүние, әртістік құрамның сәтті таңдалынғаны болар. Жергілікті театрдың әртістері Жоламан Еркін, Сәндібек Өтеғалиев, Нұрсұлтан Қалешов және Армат Алдамжаров басты кейіпкерлерді жақсы сомдады. Бұлардан басқа әртістердің де қойылымның қанық шығуына үлестері бар. Олардың сахналық ажарына, киім киістеріне айтар артық әңгімеміз жоқ. Іске маманның араласқаны көрініп тұр. 
Тұсаукесерді халық жақсы қабылдады.
В этом году Сырымский район отмечает 100-летие создании Правительства Алашорды и 130-летие представителя Алашорды, известного юриста Жаншы Досмухамедова.