Бүгін Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай 25 авто көліктің қатысуымен авто шеру ұйымдастырылды. Жымпиты ауылының барлық көшелерін қамтыған авто шеруге ауылдың үлкен қарияларына дейін белсенділікпен қатысты.
Автошеру аяқталған соң Сырым саябағында мерекелік шара болып, айтулы мерекемен аудан халқын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Тажмұқанов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев құттықтады. Шара соңында авто шеруге қатысқандар "белсенді ұжым", "жасы үлкен қатысушы", "белсенді қатысушы" номинацияларымен марапатталды. Мерекелік шараға қатысушылар ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің концерттік бағдарламасын тамашалады.