Биыл ел тұғыры бекіп, мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына тура 25 жыл. Ел тәуелсіздігінің ақиқаты айқындалған күн ауданымызда кеңінен аталып өтті.
Бүгін Сырым ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне орай 90-ға жуық ауыл тұрғынының қатысуымен шеру ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы мемлекеттік ту ұстап шықты. Шеру аудан орталығының Самара-Шымкент бағытындағы «Жымпиты» қақпасынан бастау алып, қатысушы ауыл тұрғындары көк туды желбіретіп, орталық көшелермен жүріп өтті.