Аудан әкімі Абат Шыныбековтың ашық есік күндері Бұлан ауылдық округінде өтті. Жиын түске дейін Жамбыл ауылында, түстен кейін Бұлан ауылдық мәдениет үйлерінде мекеме басшыларының және ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Тарас Ихсанов баяндама жасады. Жиын барысында Бұлан ауылдық округінің депутаты Бақытжан Хамидуллин сөз алып, алдағы уақытта ауыл азаматтарының қолдауымен Бұланда балалар ойын алаңы салынатынын мәлімдеді. Ал Сырым аудандық орталық ауруханасының директорының орынбасары Роза Тахамбетова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналыстан соң аудан әкімі А.Шыныбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 
Ауылдық округке іс-сапар барысында аудан басшысы «Уайс» және «Муса» шаруақожалықтарына барды. «Муса» шаруақожалығы жеміс-жидектер егуге 8 га дайындап қойса, ал «Уайс» шаруақожалығы 10 га жерге бау-бақша өнімдерін егіп бастап кеткен.