Бүгін Сырым аудандық депутаттық фракция мүшелері мен бақылау тобы Шолақаңқаты ауылдық округіндегі Аңқаты су қоймасының жөндеу жұмыстары мен Аралтөбе ауылдық округіндегі "Ақбұлақ" бағдарламасы арқылы су кіргізу жұмыстарының барысын қадағалады.
Бақылаушы топ құрылыс обьектілерін жүргізіп жатырған мердігерлер мен кездесіп, жұмыстың сапалы әрі уақытында тиянақты аяқтауды міндеттеді.