Бүгін Шолақаңқаты ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Абат Шыныбеков Шолақаңқаты өзеніндегі су қақпаларының жөндеу жұмыстарымен танысты. Су қақпаларын жөндеу – білдей облыс әкімі Алтай Көлгіновтің жеке бақылауында тұрған осы округтегі негізгі мәселелердің бірі. Шешімін тауып жатқанына ел разы.
Жөндеу жұмыстары жайлы аудан әкіміне мердігер «ПМК - 117» серіктестігінің басшысы Ольга Попова баяндады. Жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Өзеннің табаны тазартылған. Қақпаның қабырғалары жаңа сылақ көруде. Қақпалар кейін қондырылады. Әрі бірталай жұмыс тұр алда. Жұмыстың басында 12 адам жүр. Ішінде жергілікті тұрғындар да бар. 
Осы күні жөндеу жұмыстарының басында Сырым ауданы мәслихатының депутаттары да болды.