Еліміз Тәуелсіздігін алып, еңсесін көтергелі бері бейбіт өмір, бағалы бағымыз басымыздан тайған емес. Осы іспетті бейбіт замандағы байлығымыздың бірі – көпті көрген ардагерлеріміз. Биыл еліміздің Тәуелсіздігімен біте қайнасып, іргелес дамыған Қазақстан ардагерлер ұйымына 30 жыл толып отыр. Қадірлі қарттарымыз бүгінде қоғамдық істерге ұйытқы болып, өңірдің ынтымағы мен бірлігінің бекем болуына барын салуда. 
Бүгін Сырым ауданында Қазақстан ардагерлер ұйымына 30 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара оздырылды. 
Ардагерлер атынан аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Тажмұханов баяндама жасаса, Бұлдырты ауылы округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ахметкалиев құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты жиында аудан әкімі А.Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды марапаттады. 
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан әкімінің алғыс хатымен және Сырым ауданының эмблемасы бейнеленген қол сағатпен Ғ.Қаналиев (Жымпиты ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), Т.Нұрмұханов (Сарой ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), Р.Аманғалиев (Аралтөбе ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), Е.Қуандықов (Шолақаңқаты ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), Е.Қайдаров (Жетікөл ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), Ж.Ақжанов (Алғабас ауылы ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі), Е.Есенғазы (Бұлдырты ауылы ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі), С.Бақтығалиев (Өлеңті ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), А.Жүсіпов (Жосалы ауылы ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі), Т.Тажғалиев (Қособа ауылы ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі), Д.Молдашев (Бұлан ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), С.Дауылұлы (Жымпиты ауылы ардагерлер ұйымының мүшесі), З.Бисекенов (Жымпиты ауылы ардагерлер ұйымының мүшесі), С.Укиев (Тасқұдық ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы), С.Уразов (Талдыбұлақ ауылы ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі) және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығы қызметін ұзақ жылдар атқарып, қазіргі уақытта ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген О.Сарғозыұлы марапатталды.
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай облыстық ардагерлер кеңесінің құрмет грамотасы С.Тажмұқан (Жымпиты ауылы), Ә.Италиев (Талдыбұлақ ауылы), С.Мұқатов (Жосалы ауылы), Т.Шарифуллиндерге (Қособа ауылы) табысталды.
«Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен Қ.Нұрмұханов (Жымпиты ауылы), Б.Нұрпейісова (Талдыбұлақ ауылы), А.Ихсанова (Жымпиты ауылы),
Р.Хасановалар (Жымпиты ауылы) марапатталды.
Салтанатты шарадан соң мәдениет саласы қызметкерлері концерттік бағдарлама ұсынды.