Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков әкімдіктің кіші мәжіліс залында «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады. Биыл Сырым ауданы бойынша биыл 16 түлек мектептердің қорытынды аттестациясына сәйкес «Алтын белгі» білім сапасына лайықты болып танылып отыр. Ал «Үздік аттестатқа» ие болғандар саны – 10.
Салтанатты қабылдауда аудан әкімі жас түлектерді орта мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, болашақтарына игі жақсылықтар тіледі. Кейін жас түлектерге салтанатты түрде төсбелгілер тағылды. «Алтын оналтылықтың» қатарында Милена Баяндықова, Айнаш Болатова, Мөлдір Ысқақова, Инаргүл Жанғожиева, Әсел Закина, Ақнұр Хайыржанова (Қ.Мырзалиев атындағы мектеп), Нұрболат Ерғалиев (Жырақұдық орта мектеп), Айда Ауғанова (Талдыбұлақ орта мектебі), Гүлназ Бахытова,Гүлназ Қазақстанова, Мәдина Баянғалиева, Әли Кішібеков, Фатима Хайыржанова (Бұлдырты орта мектебі), Аслан Қалешов (Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп), Бекболат Нығметжанов, Гүлпати Каримоллиналардың (Абай атындағы мектеп) бар екенін осы жерде айтып өткен дұрыс. Оларға аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы алғыс хаты мен сыйлыққа электронды планшет табыс етілді. Түлектері «Алтын белгіге» ие болған мектептердің басшыларына Батыс Қазақстан облысы әкіміАлтай Көлгінов алғыс хаты тапсырылды.
- Мамандық деген көп. Адам қай мамандықты таңдаса да, ең әуелі елге қызмет етуді ойлау керек.- деді аудан әкімі Абат Шыныбеков өзінің қорытынды сөзінде. Әкімнің бұл сөзі жас түлекке де, қалыптасып қалған маманға да ой саларлықтай сияқты.Биыл аудан бойынша13 орта мектепті барлығы 189 оқушы аяқтады. Бұлардың 129 – ы маусым айының 20 күні аудан орталығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ұсыныс білдіріп отыр.