Бүгін "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы ғимараты мəжіліс залында "Жасыл ел" ЖЕ БҚО штаб жетекшісі Қ.Досмағамбетов, Жымпиты ауылдық округінің əкімі Қ.Төлепов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиевтың қатысуымен кездесу өтті. Ауданымызда жаз айларында тұңғыш рет "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы жүзеге асқалы отыр. Жұмысқа 20 студент тартылып, маусым, шілде, тамыз айында жұмыстар атқарады. Бұл жоба Жымпиты ауылдық округі əкімдігі мен "Жасыл ел" ЖЕ БҚО штабының бірлескен екі жақты келісім шарт арқылы жүзеге асады.