Батыс Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында ХҚКО департаменті директорының орынбасары Нұрғиса Камашев өз сөзінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – еліміздегі азаматтармен етене қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Бұл біздің қызметкерлерді өз қызметтерін нақты орындап қана қоймай, сондай-ақ мемлекет имиджін сақтауға міндеттейді.  Жемқорлықпен күрес жалпы қоғамның белсенді атсалысуынсыз жойылмайтын кесел»,-деді.   
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Нұргүл Камешева қатысушыларға негізгі қызметі сыбайлас жемқорлықпен күрес сұрақтары бойынша тегін кеңес беру және жемқорлық белгілері туралы хабарламаларды тіркеу болып табылатын «Жемқорлыққа қарсы call-орталық» жұмыс істейтінін ескертті. 1424 нөмірі бойынша кез келген азамат жемқорлық белгілері тіралы хабарлай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
 коммерциялық емес акционерлік
 қоғамының баспасөз қызметі