Асан Жүсіпов пен Сәнипа Сұлтангереева, ардагер ұстаздар, Жосалы ауылдық округі: 

- Екеуіміз де зейнеткерміз. Көрмеге жанұямызбен барғанды жөн көрдік. Астана қаласынан ойлағаннан да үлкен әсермен келе жатырмыз. Ұйымдастырушылар үлкен жұмыс жасаған. «ЕХРО - 2017» көрмесі – ақыл – ойдың жетістігінің көрмесі екен. Әлем Астанаға келіп, баламалы энергияның болашағын көрсетуде. Бұл көрмедегі тәжірибелер ірі қалаларды былай қойғанда ауылдық жерлердегі шаруашылық құрылымдарына да тиімді болатын сияқты. Көрме көп нәрсенің мүмкін екенін көрсетіп отыр.