Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы мен мақаласы тағылымы мол шаралардың бірі екендігі баршамызға аян.

Жыл басындағы халыққа жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Мақсатымыз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Рухани жаңғыру, эволюциялық даму тәуелсіздік алған жылдары-ақ елбасымыздың қолға алған шаруаларының бастысы болатын. Тәуелсіздік кезеңінде осы бағыттарда біраз шаруалар атқарылды.

Мысалы «Мәдени Мұра», «Халық тарих толқынында» тағы басқа бағдарламалары бойынша талай ауқымды шаралардың атқарылғаны шындық. Тарихымызды түгендедік, ел іргесін бүтіндедік. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамып, жаһанданудың алға озған тұсында рухани салт-санамызды ұмыт қалдырмай дамыту маңызды мәселе. Ұлттық сана-сезіміміздің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, әрі дамыту басты міндет.

Осы орайда ел аумағында ел арасында тәуелсіздік жылдары көптеген игі шаралар атқарылды.

Ауылымыздағы тарихи-мәдени орындарды түгендеп, тұлғаларымызды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында аудан көлемінде ұйымдастырылған тарихи-танымдық экспедиция аясында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдерінің қатысумен ауыл маңындағы Есенгелді тархан Жанмырзаұлы қорымына тың зерттеулер жүргізілді.

Мектеп ұстаздарының жетекшілігімен белсенді оқушылар Шідерті өзені туралы кіші ғылыми жұмыстар жүргізу арқылы жан-жақты зерттеулер жасауда. Елбасы мақаласы ауыл активімен талқыланып, жас ұрпаққа жаңғыруды терең түсіндіру және туған жерге патриоттық сезімдерін ұлғайту мақсатында шілде айының 24 жұлдызында «Жерлестер» форумын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Аралтөбе ауылдық округ әкімі 

Ж.Мухамбетжанов