Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай ағымдағы жылдың маусым айының 19-23 күндері аралығында ауданымыздың дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді түсіндіру мақсатында ашық есік күндері өткізілді. Дербес бөлімдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барып аудан тұрғындарын қабылдады. Ауылдық округтердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бас мамандар өз округтеріндегі тұрғындарды қабылдап, интернет желісі бар ауылдық округтердегі мамандар келген тұрғындарғы электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қалай алуға болатыны жөнінде түсінік берді.