Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Актив жиынына Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Манарбек Ғабдуллин қатысты.

Күн тәртібінде бір ғана мәселе – Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысын таныстыру қаралды. 

Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция басшысы лауазымына тағайындалған Журалиев Ерлан Шалбайұлын М.Ғабдуллин таныстырып, өмірбаянын, еңбек жолын атап өтті. Жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Шалбайұлы халықпен тығыз қарым-қатынаста еңбек ететініне сендірді. Аудан әкімі А.Шыныбеков жергілікті полиция басшысының қызметіне сәттілік тіледі.