Гүлден Сағидоқас, оқушы, Бұлан ауылдық округі:

- Өзім халықаралық көрмені тамашалау мәртебесі бұйырғанына қатты қуаныштымын. «ЕХРО – 2017» көрмесі менің балалық шағымның ең жарқын естелігі болып қалатынына сенеміз. 

Астанаға қаласына шетелдіктер көп келген екен. Олар бізге «Сәлеметсіз бе?» деп өз тілімізде амандасуда. Басқа ұлттар Астанада қазақша сөйлеп жүрсе қалай разы болмайсың? Көрме жоғары деңгейде өтуде. Қазақстанның ұлттық павильоны келушісінің көптігімен таңқалдыруда. 

Бұл менің Астана қаласына екінші рет баруым. Соңғы рет екі жыл бұрын барғанмын. Астана шынымен де, қатты өзгеріп, құлпырып келе жатыр. Ғимараттар да жаңа кейіпке енген. Астанада жүргенде, шетелдің ірі қаласында жүрген сияқты сезіледі.