Әбіл Бахтияров, мәдениет саласының ардагері, Алғабас ауылдық округі:

- «ЕХРО – 2017» көрмесі болашақтың энергиясын, әлемнің болашағын көрсету үшін ғана ұйымдастырылған көрме емес екен. Бұл көрме – айдай әлемге қазақты, қазақтың Тәуелсіздігін көрсетіп отыр. Мен онны түсіндім.  Шетелдіктер біздің елге, біздің Астанаға қатты таң қалуда. Бірлікке таң қалуда. Олардың қазақ ұлты, ұлттық дәстүр мен мәдениет жайлы білгілері келеді екен. 

Шынын айту керек, «Осы көрме не үшін керек?» деген сұрақты қоятындар көп. «ЕХРО – 2017» көрмесі – шетел үшін емес, өзіміздің ел үшін керек!