Кеше Сырым ауданының орталық ауруханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Салтанатты шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов және «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев арнайы қатысып, құттықтады. Үздіктерге алғыс хат тапсырды.

Осы күні «Үздік акушер» байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы болып аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Айжан Қуанышқалиева танылды. Шара барысында жергілікті көркемөнерпаздар өнер көрсетті.

Айта кетейік, Сырым ауданының орталық ауруханасында негізгі саны 32 дәрігер бар. Олардың санаттылығы 68% - ды құрайды. Осы сияқты 186 орта буын қызметкері бар. Жалпы ауданның денсаулық сақтау саласында 411 адам еңбек етеді.