Бүгін түске дейін Сырым ауданында мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тестілеу қорытындысы осы жаңа белгілі болды. Мүмкін болған 140 баллдан 127 баллды Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің түлегі Айнара Байдосова жинады. Айнара осы арқылы ауданның үздік көрсеткішін бастап тұр. Жалпы, 22 түлек 100 баллдан аса көрсеткіш көрсетіпті. 

Сырым ауданының Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балы 80, 42 – ні құрап отыр. Ертең апелляциялық комиссияның отырысы өтеді.