Кеше Талдыбұлақ ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Талдыбұлақ орта мектебінде өткен мектеп түлектерінің салтанатты шарасына қатысты.

Талдыбұлақ орта мектебін биыл 9 түлек бітіріп отыр. Олардың біреуі - Айда Ауғанова «Алтын белгіге» ие болды. Мектептің тағы бір түлегі Мәдина Әлжанова кешегі салтанатты шарада «Ерекше аттестат» алды. «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатты» иелеріне аудан әкімі Абат Шыныбеков өзі табыс етті. 

Салтанатты шарада округ әкімі Қарлығаш Исатаева, мектеп директоры Алтынгүл Қуанышева сөз сөйледі.