Аудан әкімдігінің үлукен мәжіліс залында Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі өңірлік штаб мүшелерімен семинар өтті. 

Жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бақылау бөлімінің басшысы Балжан Темірғалиева, БҚО ІІД медициналық топтың дәрігері Асқар Табылдиев қатысты. 

Семинарға қатысушы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі өңірлік штаб мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.