Бүгін Сырым ауданы әкімдігі аппаратының қолдауымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 23-маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің күніне орай "Үздік жас мемлекеттік қызметші - 2017" байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ауылдық округ пен мемлекеттік мекемелердің 9 жас мемлекеттік қызметкері қатынасты.4 кезеңнен тұратын байқауға әділ қазылар алқасының төрағасы аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сәрсенов, ардагер мемлекеттік қызметші С.Оразов, "Нұр Отан" партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, Сырым аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Аманғалиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев қазылық етті. Жас мемлекеттік қызметшілер байқауының қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Шукатова Әсем Мағалымқызы (аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы), ІІ орынды Каримуллиев Абылай Айболұлы (аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы, І орынды Илашева Перизат Болатқызы (аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы) иеленді. Байқау жүлдегерлері мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Үздік жас мемлекеттік қызметші» аталымын иеленген Перизат Илашеваны салтанатты жиында аудан әкімі А.Шыныбеков марапаттады.