Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына 25 жыл толуына орай орталық алаңда салтанатты шара өтті.

Аудан әкімі А.Шыныбеков полиция күніне орай ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттар табыс етті. «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төсбелгісімен ішкі істер органдарының ардагерлері Нұрлан Абдрахманов, Алтай Жұмажанов, Қайыржан Ақмұқанов, БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Сырым ауданы бойынша полиция бөлімшесінің полицейі, полиция старшинасы Муса Искаков марапатталды. Дәл осы төсбелгіні аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Закин аудан әкімі Абат Абайұлының өңіріне тақты.

Жетікөл ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Қадырбек Ғабдуллин «Ең үздік полиция инспекторы» атанды.

Сондай-ақ, бірқатар полицейлер аудан әкімінің алғыс хатымен, БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының грамотасымен Қайырбек Ермұханов, «Ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының алғыс хатымен ішкі істер органының ардагері Тоқтар Жаймұхамбетов марапатталды. 

Екінші полиция батальоны Сырым ауданы бойынша полиция бөлімшесінің полицейі, полиция кіші сержанты Сейітжан Жұмабаев ант қабылдады.  Салтанатты шарадан соң аудан көркемөнерпаздары мерекелік концерт қойды.