23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сырым аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподағы мен «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметші ер адамдар арасында шағын футболдан жарыс өтті. 

Жарыс нәтижесінде І орын «Бірлік», ІІ орын «Айбын», ІІІ орын «Қайрат» командаларына тиесілі болды. 

«Динамо» командасы «Жеңіске деген жігерлігі үшін» марапатталды. 

Сондай-ақ, А.Өтепов «Үздік шабуылшы», А.Жоламанов «Үздік ойыншы», А.Ханғожин «Үздік қорғаушы», А.Бапенов «Үздік қақпашы» аталымдарына ие болды. Жеңімпаздардың марапаттары мемлекеттік қызметшілерге арналған салтанатты жиналыста табыс етілді.