Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара мемлекеттік гимнмен ашылды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков мемлекеттік қызметшілерді құттықтады, ауданның толайым табыстарын атады, кәсіби мереке иелеріне марапаттар табыстады.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімінің алғыс хаты Жетікөл ауылдық округінің бас маманы Елемес Халиуллин мен аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Кенжегүл Исатаеваға табыс етілді. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің алғыс хатымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Батырниязов, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Г.Бекчурина, Шолақаңқаты ауылдық округінің бас маманы М.Отаров, Қособа ауылдық округінің әкімі Ж.Сатаев марапатталды. Және басқа да мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы П.Илашева «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» атанды. 

Шарада мемлекеттік қызметшілер арасында өткен футболдан жарыста жеңген командалар мен ойынға қатысушылар марапатталды. 

Салтанатты жиыннан кейінгі мерекелік концертте жас мемлекеттік қызметкер Ж.Дүйсенғалиев ән шырқады.