Бүгін Сырым саябағында 23-маусым ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні және полиция күніне орай Демалыс орталығының көркемөнерпаздарының мерекелік концерті ұйымдастырылды. Шара барысында орман шаруашылығы жоқ аудандардан алғаш рет облыс көлемінде бастап отырған Сырым ауданы "Жасыл ел" еңбек жасағы салтанатты түрде ашылды. Республикалық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінде жұмысын бастаған жасыл елдіктер 20 сарбазбен ауданымыздың гүлденуі жолуында еңбек етуде. Аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздарына сәттілік тіледі.