Аудандық мәдениет үйінде ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған «Қайран, біздің әжелер арды ойлаған» атты аймақтық әжелер ансамбльдерінің байқауы өтті. Сайысқа Сырым ауданының Бұлан ауылынан «Аруана» әжелер ансамблі мен Қаратөбе ауданының «Елім-ай» әжелер ансамблі қатысты. 

Байқау екі айналымнан – ұжымның өздерін таныстыруы және қазақтың үйлену тойы дәстүрінен көрініс көрсетуінен тұрды. Әжелер өнерін бағалаған әділ қазылар аласының төрайымы облыстық ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлсім Қадешова болды. Байқау соңында Бұлан ауылының «Аруана» әжелер ансамблі жоғары бағаланып, облыстық кезеңге жолданды. Қос ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары бір-бірлеріне естелік сыйлық табыс етті.