Алғабас ауылдық округінің Алғабас, Сасықкөл, Жаңаөңір елді мекендерінде өткен аудан әкімінің ашық есік күнінде ауыл әкімі Ө.Аменов хабарлама жасады. Аудан әкімі А.Шыныбеков ауданның атқарылып жатқан іргелі істерімен таныстырды. Алғабас ауылына, Сасықкөл, Жаңаөңір елдімекендері тартылып атқан көгілдір отынның қызығын биыл көретін болады. 

Алғабас ауылында ауыл ішіне жол салу мәселесі көтерілді. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Саламат Қаналиев жастарға рухани тәрбие беру, кәсіпкерлердің «Туған жер» бағдарламасы бойынша ауылға көмектесулерін сұрады. 

Аудан әкімі А.Шыныбеков Жаңаөңір мектебін бастауыш мектеп ретінде сақтап қалу үшін алдағы оқу жылында бала санын толтыру жөнінде мектеп ұжымына, білім бөліміне тапсырма берді.