Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметтің мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтіп, аудан әкімінің аппаратының басшысы Ерлан Сәрсенов төрағалық етті. Дөңгелек үстелге ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметін абыроймен атқарып, бүгінде құрметті зейнет демалысындағы ардагерлер Қуандық Жакиев, Сержан Бисембиев, Марияш Абсатырова, Сабырғали Оразов, жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Ардагер мемлекеттік қызметшілер жас кадрларға ақыл-кеңестерін беріп, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарудың жолдарын айтты. Жас мемлекеттік қызметші П.Илашева ардагерлерге алғысын білдірді. 

Аудан әкімінің аппаратының басшысы Е.Сәрсенов ардагер мемлекеттік қызметшілерге сый-сияпат табыс етті.