Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен спорттық шаралар мен ұлттық ойындар өткізілді. Аталмыш шарада арқан тартыс, гір тасын көтеру, бұқа тартыс, қол күресі, шағын футбол сынды түрлерінен сайыстар өткізіліп,жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.