Бүгінгі Баспасөз күніне орай аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов «Сырым елі» газетінің ұжымын қабылдады. Қабылдауда емен-жарқын әңгімелер айтылып, кездесу еркін түрде өтті. 

«Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Сарғозиев ұзақ жылдар бойы газет саласында еңбек етіп келетін қаламгер Мүсірбек Айташевқа Астана қаласындағы «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Омарбаевтың атынан «Чернобыль АЭС-інің апатына 30 жыл» медалін тақты. 

Аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов «Сырым елі» газетінің редакторы Махмет Қажиахметовке құттықтау хат пен редакция қызметкерлеріне естелік сыйлық табыс етті. М.Қажиахметов әріптестеріне алғыс хат табыстады. 

Кездесу барысында аудандық газетті дамытуға қатысты түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.