Облыс әкімі Көлгінов Алтай Көлгінов Сырым ауданы активіне жаңа әкімді таныстырды.

Бұған дейін осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы 2015 жылдың 23 қарашасындағы «Мемлекеттік қызмет» туралы Заңына және мемлекеттік әкімшілік қызметкерді ротациялау туралы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы Жарлығына сәйкес және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, ҚР Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Сырым ауданының әкімі болып тағайындалды. 

ТӨРЕҒАЛИЕВ Төлеген Серікқалиұлы 1960 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 
1983 жылы Орынбор ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы зооинженер. 
1983-1994 жылдары Жымпиты ауданы «Жосалы», «Бұлдырты» совхоздарында экономист, зоотехник, бас экономист, бас зоотехник қызметтерін атқарған. 

1994-2006 жылдары «Ақжол» шаруа қожалығының жетекшісі. 

2007 жылы Сырым ауданының Жосалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 
2007 жылдан бері Сырым ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 
Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан әкіміне Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмалар мен міндеттерді орындауда, аудан тұрғындарының әл ауқатын арттыру жолында табыс тіледі.