Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Сырым ауданын басқарып келген Абат Шыныбеков аудандық мәслихат депутаттарының келісімен Қазталов ауданының әкімі болып тағайындалды.


- Басталған жұмыстарды уақытылы, сапалы әрі тиянақты түрде аяқтауды бақылауда ұстауды тапсырамын. Елбасының өңірлерді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес облысымызға үлкен қолдау бар. Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға біліміңіз бен тәжірибеңізді жұмсайды деген сенім білдіреміз. Мемлекет басшысының биылғы жолдауынан, рухани жаңғыру бағдарламасынан шығатын тапсырмалардың ауданда тыңғылықты орындалуын қадағалаңыз,-деді облыс әкімі.  

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика –менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

А.Шыныбеков 1996-2003 жылдары аралығында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте қызметтер атқарған.

  • 2003-2006 жылдары Қазталов ауданы әкімінің орынбасары,
  • 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі,
  • 2008-2012 жылдары «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары,
  • 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы;
  • 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.