Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы өтіп, оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысты. Сессияның күн тәртібінде облыс әкімінің Сырым ауданы әкімі қызметіне тағайындауға келісім беру туралы ұсынысы қаралды.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың Сырым ауданы әкімі қызметіне келісім үшін ұсынған Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлының кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан келісті.