Бүгін жерлес ақын Бауыржан Ширмединұлы Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедов атындағы "Ұлықтауға лайық ұлт зиялысы" атты облыстық мүшəйрасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. Мүшайраның қорытынды кеші Қадыр Мырза Əли атындағы мəдениет жəне өнер орталығында өтті. 

Жыр мүшәйрасының негізгі мақсаты – Алашорда үкіметінің жұмысы мен қайраткерлерінің есімін насихаттау. Осы тақырыпты әр ақын әлінше жырлаған. Жыр жарысының қорытынды кешінде үздік деген төрт ақын туындысы оқылды. Соның біреуі – біздің Бауыржан.

Сонымен қатар бүгін Бауыржан Ширмединұлы Қазақстан Жазушылары Одағының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің арнайы сыйақысына ие болды. Сыйақыны бөлімше төрайымы, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева табыс етті.