Бүгін Сырым саябағында Астана күніне орай аудандық Демалыс орталығы мен "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары мен жастарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Атаулы мерекемен аудан тұрғындары мен жастарын құттықтаған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев шара аясында ұйымдастырылған сурет салу сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Концерт барысында аудан жастарына викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Аудандық демалыс орталығының жас көркемөнерпаздары Елордамыз Астанаға арнаған әндерін арнаса, аудандық кітапхана аудан тұрғындарына кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараның соңында мерекелік от шашу атылды.