Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, мерзімдері аяқталған округ әкімдерінің сайлауы 2017 жылдың 7 тамызында өтпекші.

Осыған орай Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Алғабас ауылында жергілікті қоғамдастықпен жиын өткізіп, Алғабас ауылдық округінің әкімінің лауазымына ұсынған үміткерлерді таныстырды. Олар – Иманқұлов Батырғали Рамазанұлы, Мұхамбетқалиев Нұржан Нәділшеұлы, Хасанов Мейірбек Мәлікұлы.

Алғабас ауылының тұрғындары қолдаған аудан әкімінің ұсынған үміткерлері 7 тамызда өтетін сайлауға түсетін болды.