Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауылдық округ әкімінің үміткерлерін таныстыру мақсатымен Бұлан ауылдық округінде болып, жергілікті қоғамдастықпен кездесті. Жиын барысында аудан әкімі Елбасының саясатымен ауданда жүзеге асырылып жатқан ауқымды істерді атады. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы кәсіби мемлекеттік аппарат құру, жас мемлекеттік қызметкерлерді көтеру, ротация арқылы мемлекеттік қызметкерлердің қызметін ауыстыру мәселелерінің маңыздылығын айтты.

Т.Төреғалиев Бұлан ауылдық округінің әкіміне үміткер ретінде Айнұр Мәлік Жамашұлы, Кубаев Тимур Берікұлы және Уәлиахметова Айнұр Жасұланқызын ұсынып, олардың өмірбаяндарымен таныстырды.

Бұлан ауылдық округінің әкіміне үміткерлерге бұландықтар қолдау білдірді.