Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Шолақаңқаты ауылдық округінде болып, жергілікті қоғамдастық жиынына қатысты. Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шолақаңқаты ауылдық округінің әкіміне үміткерлер ретінде Айтқалиев Тимур Саламатұлы, Қажымұратов Амангелді Хамидоллаұлы, Өтепов Азамат Инсапұлын ұсынды. 

Төлеген Серікқалиұлы ауылдық округ әкіміне үміткерлердің өмірбаяндарымен таныстырды.

Үш үміткер де 7 тамызда әкімдер сайлауына түсетін болды. Енді оларды аудандық мәслихат депутаттары сайлайды.