Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Сарой ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықпен кездесіп, ауылдық округ әкіміне үміткерлер жөнінде кеңесті. 

Төлеген Серікқалиұлы: «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ауылдық округ әкімдері 2013 жылдың 7 тамызында сайланған болатын. Осыған орай мерзімдері аяқталған округ әкімдерінің сайлауы 2017 жылдың 7 тамызына белгіленіп, қазіргі таңда әзірлік жұмыстары жүргізілуде»,- деп, Сарой ауылдық әкіміне үміткерлер Баделов Роман Ғалымжанұлы, Жакиев Айбол Кәримоллаұлы, Ихсанов Бауыржан Ертілеуұлының өмірбаяндарымен таныстырды. 

Округ тұрғындары үміткерлердің сайлауға түсулеріне қолдау білдірді. 

Жиын соңында Р.Баделов, А.Жакиев, Б.Ихсанов Сарой ауылдық округінің әкімінің үміткері ретінде сайлауға қатыссын деген шешім қабылданды.