Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев мерейлі 80 жасқа толу қуанышына орай еңбек ардагері Әмина Ашықбаеваны қабылдады.

- Қазіргі қоғамда еңбек адамына деген құрмет ерекше. Еңбек адамы - өз заманының тұлғасы, бүгінгі заманның өнегесі. Біз сізді де осындай еңбек адамы деп құрметтейміз. Елге жасаған жұмысыңыз үшін рахмет! Құрметтеймін, амандық тілеймін! – деді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев. Қабылдауға қатысқан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Сырым аудандық прокурорының міндетін уақытша атқарушы Қанабіл Төремұратов те жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, Әмина Ашықбаеваны былайғы жұрт прокуратура саласының ардагері ретінде біледі. Ол кісі бұл салада 30 жылдан астам уақыт еңбек етті.